Ескі корабль

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1949
(аударма)

Тіреліп жерге табаны,
құм қапқан мынау жай бүгін.
Толқындар еске салады
баяғы дарқан айдынын.
Бақытсыз сорлы
бұл күнде
тұтқыны болды жағаның.
Сайрандап қалған шіркінге
туғандай енді қара күн.
Теңіз төрінде, жырақта,
толқынды тіліп кеудемен
корабльдер жүр,
бірақта
жатыр бұл жонын жел жеген.
Жанына ешкім келмесе
тіл қатпай айтар мұңдарын:
«Сендердей едім мен кеше,
күшімді сорды жылдарым.
Белгі жоқ қайран ол күннен,
көрмеген едім кек тежеп,
айдаһар жалды толқынмен
алысқам талай жекпе-жек.
Жатырмын белім бүгіле,
арқаны сүйеп от құмға.
Жағада дауыл күні де
алысар ешкім жоқ мұнда!»
Табылмас жанның емі де,
табиғат заңы талайғы.
Тереңде жүргендеріне
жаны ашып қартың қарайды.
Қызғаныш та жоқ үнінде,
қарайды жүзін мұң жауып:
қаласың-ау деп түбінде
жағада мендей кұм қауып.

МҰХАМЕД ӘЛИ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескі корабль өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ескі корабль өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ескі корабль өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескі корабль өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері