Быжылдап күйді, от ұрып тәнім – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Быжылдап күйді, от ұрып тәнім» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 671
Быжылдап күйді, от ұрып тәнім,
Жүректен ақты жосылып қаным.
Айналам арсыз тірліктен безіп,
Тыныштық аңсап отырып қалдым.
Ақшаның арты – қайраңды батпақ,
Қошемет етер айлаңды мақтап.
Санасыз үшін өмір – жеп, ішу,
Сауық қуады сайранды жақтап.
Үскірік аяз бораса қарып,
Жығылсам түбір, томаша қағып.
Өкінбес едім,
Өзімше кетсем,
Байыз тапсам бір оңаша барып.
Көрпеге малу жанбасты қалың,
Жараспайды екен алмастырамын,
Жеті қат көктің нұрын сүйемін,
Жүрегімменен жалғастырамьн.
Үйіме келсең үйіп-төгемін,
Үйлесім тауып иіп беремін.
Жүректің ғана жиып керегін,
Арманым – анау биікте менің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері