Өлең, жыр, ақындар

Цунами

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 945
Цунамидың толқыны жайпап өтті жеті елді,
Мол шығынмен бір тосын өз міндеті өтелді.
Үнді мұхит тулап бір адамзатқа ой салды,
Тұншықтырып деміне қатты-қатты жөтелді.
Таудай-таудай толқындар
топан болып тоғытты,
Өлген өшті, ал тірі күңіреніп қорықты.
Қабат-қабат үйлердің қабырғасы қақырап,
Кермек суы мұхиттың шатырларға толыпты.
Құрлық бетін құрсады арнасынан аунақшып,
Жан қайғы боп жасыды
ашкөз біткен жауласқыш.
Саясаттар салқындап, шекаралар сетілді,
Көмейіне құм толды жағы семіп дауласқыш.
Тасқын, дауыл, сілкініс,
құмырсқа мен шегіртке –
Жаратқаннан ескерту
құлға берген желікпе.
Он сегіз мың ғаламды бір қауызға сиғызған,
Көрінеді пендеге алуан ерекшелік те...
Білу керек күнәлі: Аллаһтың құлы біз едік,
Келу қажет иманға мынау пенде түзеліп.
Цунамидың толқыны тоздырмасын десеңдер,
Айналайын ағайын, Алла алдында тізе бүк!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқылының парқы не ояуменен

  • 0
  • 0

Ұйқылының парқы не ояуменен,
Өлі тәнге оны мен таяу дер ем.
Көзі ашықты ақ нұрлар аймаласа,
Ұйқы қоңыр қоршалар бояуменен.

Толық

Қиялым қиыр кезіп шығандайды

  • 0
  • 0

Қиялым қиыр кезіп шығандайды,
Кедергі – шыққан төбем, «шың» алдайды.
Жаныма нәпсі билік айтқысы кеп,
Қорасы қораштықтың шығармайды.

Толық

Солай

  • 0
  • 0

Бұдан да бұрын өмірден өткен өктемдер,
Жасырды қармен,
желегін жайып көктемдер.
Байлық пен мансап –

Толық