Қайғыра аңсау – Бауыржан Халиолла

Бұл бетте «Қайғыра аңсау» атты Бауыржан Халиолла жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3143
Таңғажайып таңды аңсадық біз алдан,
Күнді күттік күнәмізден қызарған.
Арман тектес асаукерге ер салдық,
Бір жүректе деп ұғыстық шығар жан.
Мойынымды қылғындырып ақ құшақ,
Иығыма асылғанда тәтті сәт.
Көше бойы көтеруші ем мықшыңдап,
Қозапая арқалаған қарт құсап.
Сен бұлдадың сезіміңді ақылы,
Мен жындандым жалаңдатып бәкіні.
Сенің жының, менің жыным-екеуі,
Арамызды араз қылды ақыры.
Көп адастық, кездік өмір орманын,
Өрмекшідей өзге ұяны торладың.
Біз бейшара ғашықтармыз біртуар,
Қара мысық кесіп өткен жолдарын.
Солай, солай... ақылымыз кеш кірді,
Қаны аралас достығымыз ескірді.
Есеюдің бақытсыздық екенін,
Ерте білсем, ұнатпас ем ешкімді.
Іздегенде жаным шөлдеп қаталап,
Жетіспейді бір ақ шуақ шапағат,
Жарық күнде аяулымнан айырған,
Қайда сол бір қарабайыр махаббат


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайғыра аңсау өлеңінің авторы кім?

Бауыржан Халиолла — осы өлеңнің авторы.

Қайғыра аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайғыра аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бауыржан Халиолла өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайғыра аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері