Ерегес – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ерегес» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 827
Айтпаймын!
Айтсам –
Дегенiмнен қайтпаймын.
Мейлi
Диiрменге салып
Ұн қылып менi тарт.
Үстiме
Зiл батпан
Қара тасыңды арт.
Құлдай мұрнымды тесiп,
Одан қалса
Ұрығымды кесiп
Құртып жiбер;
Қолыңнан келсе
Құмдай үгiп,
Жүндей етiп
Түтiп жiбер.
Жетi қат жердiң астына
Түсiрiп,
Жетi қат көктiң iшiне
Ұшырып жiбер.
Шойын етiк киiп
Күлге аунатып
Тапта!
Iстiкке шаншып ап
Отқа ұстап қақта...
Айтпаймын!
Айтсам –
Қайтпаймын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері