Құрбым-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Құрбым-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3296
Сен ар жақта, қалқатай, мен бер жақта, құрбым-ай.
Кер арғымақ шұлғиды, құрбым-ай, баушарбақта, құрбым-ай.

Құнан атан қолымда, сүйіншім бар, құрбым-ай.
Қалқатайдың аулы, құрбым-ай, дәл қай жақта, құрбым-ай.

Бір бәйтерек жаһанда, егіледі, құрбым-ай,
Жапырағы жел соқса, құрбым-ай, төгіледі, құрбым-ай.

Аулың алыс кеткенде, беу қалқатай, құрбым-ай,
Сынбаса да қабырғам, құрбым-ай, сөгіледі, құрбым-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері