Жүсіпбек Аймауытов – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Жүсіпбек Аймауытов» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3028
Сегіз қырлы бір сырлы дарын едің,
Қадірлеген ардақтап қалың елің.
Ұрпақ үшін кеудеңді отқа малып,
Жырларыңмен халқыңа жалын бердің.
Жарқ еттің де жауыңа от шашқандай,
Елдің сырын ішіңе бүгіп қалмай.
Ұран салып шақырдың талқандауға,
Бодандықтың бұғауын қанат талмай.
Тонау үшін елімді айла құрған,
Жау да сенің сескеніп айбарыңнан.
Тау құлатар қуатты ағысыңа,
Табылар ма бөгет- деп, қайран қалған.
Жанықты олар іздеумен бар амалын,
Қамау үшін дайындап тас қамалын.
Көнбесіңді оған да білгеннен соң,
Атып тынды өзіңді ақсұңқарым.
Намысыңның таптатпай ірге тасын,
Сен ақтадың бабалар ақ батасын.
Тастап кеттім сендерге аманат - деп,
Күнде маған көгімнен тіл қатасың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері