Өлең, жыр, ақындар

Ақын мен ақ қағаз

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1288
Ақ қағаздың отырды ақын алдында,
(Ақ қағаз ғой оған талан, тағдыр да!)
Дастарқандай жатты ақ қағаз жаюлы,
Ал, айтып көр,
Ал, жазып көр,
Ал, жырла!
Ал, айтып көр, ақ қағазға жаз бәрін,
Заман қамы – қоғам қамы, өз қамың.
Адамзаттың озығын айт, озғанын,
Қай машығы шірігенін, тозғанын.
Айт, аянба, айт, аяма, айт ашып,
Дүние сенің даусың барын байқасын.
Шындықты айту оңай емес шырылдап,
Ақын болсаң сен бәрібір айтасың!
Ақын болсаң кім айтады, сен айтпай,
Бұл ақ қағаз сауалдарға сауаптай.
Адамзаттың ойын қосқан ақ қағаз
Құрылтайдай, съездердей, сенаттай.
Сол ақ қағаз жатыр әне сүттей ақ,
Ақын оған жалғыз әріп түртпей-ақ,
Төрт құбыласын дүниенің бір сәтке
Қас қағымда қиялымен шықты орап.
Дүние мынау – күнді айналған жұмыр жер,
Уақыт-ұршық иіргенде дірілдер.
Әрбір ұрпақ өтер жасап өз ісін,
Әр ұрпақтың таңы қайта сібірлер.
Ұрпаққа ұрпақ жалғасар да, алмасар,
Сүрлеу таптап біреу жаңа жол жасар.
Ақ ниетпен, ақ жүрекпен қашанда
Қара ниет қас мекерлер арбасар.
Біреу жеңер, біреу жылар, жығылар,
Біреу сезім, сенімінен суынар.
Туған жерін іздеп біреу таба алмай,
Сары уайым сағыныштан сылынар.
Мұның бәрін қайталаған сан ұрпақ,
Бұған ешкім қарамайды таңырқап.
Мұның бәрін жазған, айтқан ақындар
Қиссалармен, дастандармен жарылқап.
Мұның бәрі Өмір заңы – заңды заң,
Қарсы тұра алмайды ешбір жан бұған.
Ақ ниет пен қара ниет қарсы боп,
Қашан құрыр адамды адам аңдыған?
Ақ қағазға мұның бәрін саны ұзын
Түсіргенмен, өтеле ме парызың?!
Жетеді ақын, жылнамашы сенсіз де
Адамзаттың саралайтын әр ізін.
Сен одан да айтшы маған мынаны,
Адамзаттық дәнекер мен сынаны,
Адамзаттық дәстүр менен мұраны
Сақтап қалу – адамзаттың ұраны.
Сол ұранның Отаны мен тұрағы,
Бір-бір жүрек...Дірілдері бір әлі,
Сол бір жүрек замандар мен заңдардың
Бола ала ма қолшоқпары, құралы?!
Ақын сонда ақын басын шайқады,
Қаламсабы қайқып кетті, байқады.
Ойланбаққа тұрып кетті ол орнынан,
Ойланған соң айтады ақын, айтады!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кейде түн ішінде, кейде таң алдында

  • 0
  • 0

Кейде түн ішінде, кейде таң алдында
Күбірлеймін ақталып ар алдында.
Заманыма көп екен бермегенім,
Бермегені бар маған заманның да.

Толық

Сонау жылғы іңір

  • 0
  • 0

Он екі перне қарағай
Сөйлейтін еді сұңқылдап.
Сөйлеген кезде сұңқылдап
Қиссасын әкем айтатын.

Толық

Ақындықтан қорықпаймын, қиын емес

  • 0
  • 0

Ақындықтан қорықпаймын, қиын емес,
Ұйқастыру, сөз құрау бұйым емес.
Тілдік қорым жетеді, орамдымын,
Тілім менің татусыз, сұйық емес.

Толық

Қарап көріңіз