Жанымда бір көңілсіздеу жатыр ән

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1884
Жанымда бір көңілсіздеу жатыр ән
Сен таңданба.
Кейде соған өлең іздеп отырам,
Жұрт ұйқыда таңдарда.
Күлкі жайнап бет пердем,
Періште кеп құлағыма сыбырлап,
Ұйқас сыйлап кеткендей,
Тез қуанам жыбырлап.
Сосын жылдам мұңайып,
Сыймайтындай қара жердің бетіне.
Жынданғаным – бір айып,
Қашып елдің шетіне.
Күлме маған, өзім де ұқпай отырам,
Мінезімді ғашықтыққа жалданған.
Жанымда бір көңілсіздеу жатыр ән,
Сен таңданба.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанымда бір көңілсіздеу жатыр ән өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Жанымда бір көңілсіздеу жатыр ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жанымда бір көңілсіздеу жатыр ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанымда бір көңілсіздеу жатыр ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері