Бұл бетте «Әйелдік тағдырдың торында» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әйелдік тағдырдың торында,
Еркектің сан мұңы жолымда.
Жалғызбын деудің де орны жоқ,
Ұлым бар – үмітім қолымда.
Түндерде тозақтай тоңғаным
Болмаса, ақынмын – ол бағым.
Өлеңім,
Сен барсың өкінбен,
Басыма қайдан кеп қонғаның?!
Тірліктің ауырын сезініп,
Жыладым, тек кетпен безініп,
Бақытты күтуден жалықпай,
Жүремін мұңдарға езіліп.
Болсын деп, намыс – хақ, ар – мәнді,
Тілекті, тастадым талғамды.
Тек Аллам кешірсін ақтық күн...
Жек көре алмадым жалғанды.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі