Айтшы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айтшы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1571
Әнін жазған Рамиль Галимов

Сүйіктім менің, сөзіме сенгін,
Бір сәт те болса, қасыма келгін.
Бір сәт те болса, қалуың үнсіз –
Мақұлдап мені, сүюің мінсіз.
Жерде де бірге,
Көкте де бірге,
Кезіп байтақ әлемді,
Жүзейік бірге.
Тілегім соңғы,
Өзіңнен өтінем
Сенің әппақ бетіңнен
Бір сүйсем болды.

Қайырмасы:
Айтшы,
Айтшы бәрін жасырмай,
Әсерлемей, асырмай,
Махаббатым жасындай
Жарқ ете қалсын.
Айтшы,
Шын бақытты кім көрген?
Гүлдейсің гүлдермен,
Бүгін боласың сен кімдермен?

Махаббат деген – күдік пен үміт,
Қалықтап жүрген көктегі бұлт.
Жаңбыр боп жауса, нұр болып себер,
Махаббат жыры – гүл болып өнер.
Бұлт болып біз де,
Көктем, жаз, күзде
Махаббаттың гүлін
Егейік түзге.
Шапағат нүры
Жүрекке орнасын.
Мәңгілікке солмасын
Махаббат гүлі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айтшы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Айтшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айтшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айтшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері