Сен ауырды дегенде – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сен ауырды дегенде» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1348
Ауырма, беу бейкүнə құсым менің,
Беймезгіл бозармасын түсің де өңің.
Далада көктем, жаз тұр сені күтіп,
Пердесін терезеңнің түсірмегін.
Түсірме кірпігіңді төмен, жаным,
Еңсеңді төмен салсаң, не болғаның?
Жарығын бұл жалғанның бұлт шалмасын,
Дəрінің дарытпасын денең дағын.
Асқынса сендегі ауру, мендегі дерт,
Арзуын кімге айтады пенде-жүрек?
Жаутаңдап,
жаның жүдеп жатырмысың,
есіктен ең жақыным енбеді деп?..
Айтылмай алма бақта абат əнің,
Аландап,
аңсадың ба дала таңын,
Аядай аумағына палатаның
аңдаусыз түсіп қалған балапаным?
Ауырма,
ақ жүзіңнен əр қашпасын,
Жағаңа жалмауыз қол жармаспасын.
Тағдырың сынға түсер, таң менен түн
ала алмай бірін-бірі арбасқасын.
Ауырма,
дегбір тапсын денең, бойың,
Қайыспа,
қасарып бақ емендейін!
Дəрі мен дəрігерден дəрмен кетсе,
Əніммен, өлеңіммен мен емдейін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен ауырды дегенде өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сен ауырды дегенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен ауырды дегенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен ауырды дегенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері