Айлы түнде – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айлы түнде» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2424
Ауыл-аймақ тәтті ұйқыға батса да,
Әнге қосып талдар сыбдыр қақса да,
Қыз бен жігіт қол ұстасып әлі жүр,
Айлы түннің аясында бақшада.
Аспан айлы, алтын нұрлы, арайлы,
Маужыратты мүлгіп тұрған маңайды.
Қыз бен жігіт бақшасында бақыттың,
Бір-біріне күлімсірей қарайды.
Ақырындап албыраса айнала,
Сөз байласып, көңілдері жайлана,
Қыз бен жігіт қыдырады ұзақ таң,
Сырларына серік болып ай ғана.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айлы түнде өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Айлы түнде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айлы түнде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айлы түнде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері