Момақан Ұлы жүздің баласымын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Момақан Ұлы жүздің баласымын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2093
Кісінің аттамаған ала жібін,
Момақан Ұлы жүздің баласымын.
Тарайтын төрт арысты Ошақтыдан
Тасжүрек Сейіт ата саласымын.
Жетісу жеті өзеннің сағасымын,
Тікелей таныр болса – Таласымын.
Аралап ағып келем әлі күнге
Сіңіріп санама мол дала сырын.
Сұлу сөз, әділеттің сарасымын,
Бағалай білгендердің дарасымын.
Құшағым оттай ыстық барлығына,
Орта мен Кіші жүздің ағасымын.
Алдыңда ақтарылған бар асылым,
Қазақтың кең пейілді баласымын.
Қысылма, қымтырылма, қалауыңды айт,
Өзіңе бересімін, аласымын.
Кісінің керек емес ласының,
Топ-топ боп тартысатын таласының.
Отырсақ өрімдей боп, бөлінбей көп,
Жырымыз таппайды ма жарасымын.

1970 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Момақан Ұлы жүздің баласымын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Момақан Ұлы жүздің баласымын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Момақан Ұлы жүздің баласымын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Момақан Ұлы жүздің баласымын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері