Құдайсыздар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Құдайсыздар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1216
Ертеректе өтсе керек бір заман,
Бопты халық танымаған Тәңірін,
Қарсы тұрып, тыңдамаған әмірін.
Тентек тобыр тулар ұстап мыңдаған,
Улап-шулап, қаруланып шығыпты.
Кілең есер ығайлар мен сығайлар
Ел ішінде арандатып бүлікті,
Айқайлапты ақылсыз деп Құдайлар.
«Елді дұрыс басқармайды бірі де,
Керек енді Құдайларды үйрету.
Шығып алып жақын таудың біріне,
Қиын емес таспен атып күйрету,
Садақпен-ақ тегістейміз Олимпті!».
Олимптіктер сезіп нағыз қауіпті,
Зевске кеп жалыныпты сол таңда,
Тыйым сал деп сойқанға.
Құдайлар да бұл секілді қойқаңға
Барғандарды төбелеп,
Көрсетпекші болыпты бір керемет.
Топан су ма, әлде көктің даңғыры?
Жаудыра ма әлде тастың жаңбырын?
«Сәл кідір! –
Деді Юпитер, – Қайтпағандар райдан,
Қорықпағандар Құдайынан күшті ұғып,
Болып шығар түбі ойран».
Осы кезде ауада ерен ысқырып,
Мың-сан тастар көкке қарай атылды.
Өздерінің тастарынан ақыры
Бүлікшілер қырылды сол алаңда.
* * *
Тап осындай сенімсіздік жаман да;
Ей, Адамдар, қараңдар,
Білгішсымақ алаяқтар әманда
Өздеріңді қарсы қойып Тәңірге,
Қуып тығар қабірге,
Нажағайдың отын бұрып табанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдайсыздар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Құдайсыздар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құдайсыздар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құдайсыздар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері