Өрмекші мен ара – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өрмекші мен ара» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1775
Болмаса одан пайда егер,
Ел қызығын көрмесе,
Ондай талант керек емес ендеше.
* * *
Жәрмеңкеде мата сатты Саудагер;
Заттары оның болды сондай өтімді,
Тәңіріне шын риза секілді.
Алушылар келе берді кезекпен,
Бірін-бірі жатты кейде өзектеп.
Тұрған кезде қолы жүріп ерлеп шын,
Іші тар бір Өрмекші
Саудагердің табысына қызығып,
Ол да мата сатқалы,
Мол пайдаға батқалы,
Терезеге құрды өрмегін сызылып;
Содан тынбай түні бойы тоқыды.
Заттарымды таңдана
Көрсін деп ел, паңдана,
Ертеменен дүңгіршекте отырды.
Ойлады ол: біраздан соң күн шыға
Алушылар ұмтылар деп құлшына.
Күн де шықты. Өрмекшіміз сол әлгі
Сыпырылып жоғалды.
Былай деді ол шилығып:
«Осы ма еді күткен әділ сыйлығым?
Көрсін әлем, кімнің жұқа матасы,
Дұрысын ел атасын».
«Ол сенікі, одан жұқа қайда бар? –
Деді Ара, – бұрыннан да белгілі,
Кимесе егер ел мұны,
Матаңнан не пайда бар?»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өрмекші мен ара өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өрмекші мен ара өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өрмекші мен ара өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өрмекші мен ара өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері