Өлең, жыр, ақындар

Жетісудың қыздары-ай

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3041
Әнін жазған Еркеғали Рахмадиев

Бақытты бай дала
Шабытты қайда да,
Жетісудың аймағы.
Бірі қант, бірі бал,
Өсірген бірі мал,
Сарадай жыры бар.
Зылиқа, Күләштай,
Мәрия, Жұмаштай
Жетісудың қыздары-ай!
Мыңғырған малға бай,
Жайлауы жанға жай
Жетісудың аймағы.
Құрақтай құлпырған,
Бұлақтай бұлқынған,
Көрген жан ұмтылған.
Сөздері сиқырлы,
Өздері сүйкімді,
Жетісудың қыздары-ай!
Көз тартқан көрікті,
Алмалы, өрікті
Жетісудың аймағы.
Гүлі боп өлкенің,
Өсірген өркенін,
Ерекше ерке бір,
Жұлдыздай жайнаған,
Бұлбұлдай сайраған,
Жетісудың қыздары-ай-й!
Балқыған баулары,
Тәкаппар таулары,
Жетісудың аймағы.
Күлкісі қымбатты,
Түр-түсі сымбатты,
Әзілі тым тәтті.
Өң берген аянбай,
Жібек пен Баяндай,
Жетісудың қыздары-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жетісудың қыздары-ай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жетісудың қыздары-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жетісудың қыздары-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жетісудың қыздары-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері