Бұл фәнидің түңіліп көжесінен

Бұл бетте «Бұл фәнидің түңіліп көжесінен» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 825
Бұл фәнидің түңіліп көжесінен,
Шарап іштім әкеліп көзесімен.
Өлең да мас, мен де мас, би биледік,
Жарық дүние айрылып өз өсінен.
Сырдың суы келмеді сирағымнан,
Басыртқы жеп жырымның құймағынан.
Естен шықты бәрі де, бәрі, бәрі,
Өлтіруге ақынды қимады лаң.
Лапылдадым іштегі шерді төгіп,
Ата-баба әруағы келді көріп.
Жүрегімді үстелге қойып тұрып,
Жан-жағынан аямай пергіледік.
Ой салды ма жасаған лаңы көп,
Бізге қояр жүректің сұрағы жоқ.
Жуып-шайып сол күні бар күнәсін,
Қаны ағып, солқылдап жылады кеп...
Мен фәнидің түңіліп көжесінен,
Алып келдім шарапты көзесімен.
Ет жүрек те мас болды бір кездері
Тайып кеткен жаңылып өз есінен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл фәнидің түңіліп көжесінен өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Бұл фәнидің түңіліп көжесінен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл фәнидің түңіліп көжесінен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл фәнидің түңіліп көжесінен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері