Жас тамады жанардан – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жас тамады жанардан» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жас тамады жанардан, жас тамады,
Жан сақтаудың қалмаса басқа амалы.
Босатпаса тағдырдың тас қамалы.
Жүріп келем әзірше тәлтіректеп,
Не өтерін кім білсін бастан әлі?
Алатауы арманның қашық па екен?
Келер күндер аспаны ашық па екен?
Келер күнге мендей жан ғашық па екен?
Сарқылуға айналған дариямды,
Дария өмір, дариға-ай, тасытса екен!...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері