Шалғы – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Шалғы» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2582
Бүркіт сұсты, сәнді келер,
Көп ол жайлы әңгімелер.
Ең ұзын он қауырсынын
Атайды екен шалғы деп ел.

Он қауырсын – он шалғысы,
Көрік берер ең сәндісі.
Қос қанатқа қуат сыйлар
Жебелі әрі ең әлдісі!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері