Өлең, жыр, ақындар

Телініп әлі балаға

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Телініп әлі балаға,
Теңеле алмай ағаға.
Жылжумен салым сағаға,
Жақындап келем жағаға.
Сөз етіп уақ-түйекті,
Уақыт өтіп бара ма?
Көтеріп босқа иекті,
Жүрмін бе қорлап сүйекті?
Босатып құлақ-тиекті,
Тартылмай қанша күй өтті.
«Пендеміз» дейміз, қайтеміз,
Пенделік бастан жиі өтті.
Жүйрік пен білмей шабанды,
Жақсы мен білмей жаманды.
Жомарт пен білмей сараңды,
Сарсаң ғып талай адамды.
Қоян боп жүріп қорлаппын,
Арыстан жалды бабамды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Телініп әлі балаға өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Телініп әлі балаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Телініп әлі балаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Телініп әлі балаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері