Күннен-күнге барамын ба бөтенденіп – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Күннен-күнге барамын ба бөтенденіп» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Күннен-күнге барамын ба бөтенденіп,
Сыр бердің, сылқым өмір, секемденіп.
Өзіңді өліп-өшіп сүйгендіктен,
Деуші едім «құшағыңда кетем бе еріп?»
Бәрін де салқындықтың сезеді ішім,
Сонда да сен – жырымның өзегісің.
От кеміп өн бойымнан лапылдаған,
Өзгеріп бара жатыр неге түсім.
Қап-қара шаш та міне ағарыпты,
Бұлшық ет о да босап таралыпты.
Сұлудың шым денесін шымырлатқан,
Жігіт ем күні кеше қара мұртты.
Жүрек те байыздапты дүрсілдеген,
Не ләззат табар әлсіз бүлкілменен.
Аңсаттың ауыздықсыз арынынды,
Пайда жоқ сілкігенмен, күрсінгенмен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күннен-күнге барамын ба бөтенденіп өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Күннен-күнге барамын ба бөтенденіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күннен-күнге барамын ба бөтенденіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күннен-күнге барамын ба бөтенденіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері