Құштарлық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Құштарлық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1456
Тарылып тұтқиылдан бұл тынысым,
Жүрегім, жиіледі бұлқынысың.
Төңірек түнереді неге сонша?
Күн көріп келдім бе әлде құлұын үшін?
Алдым ба аларымды аз тірліктен?
Бір нәрсе бере алдым ба жұртым үшін?
Төсіңде сауық құрып сайраңдаған,
Қимасым, қасиеттім, қайран далам.
Бар сыйын табиғаттың үйіп-төгіп,
Анамдай кең құшағын жайған маған.
Құмыңда тайлағың боп тайраңдағам,
Қырыңда гүлің болып жайраңдағам.
Қылыштай қырықымда қылшылдаған,
Қалайша бұл пәниден қыршын қалам?
Жүрегім, демеші сен, тыншыңды алам,
Кезімде күшті сарқып құлшынбаған.
Ақтарып керемет күй тылсым ғалам,
Қолымда жорғаласын сыршыл қалам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құштарлық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Құштарлық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құштарлық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құштарлық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері