Ат пен иесі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ат пен иесі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1005
Ат иесі Атын әбден үйретті,
Айтқанына көндірді де билетті.
Қожасына Ат та мойын ұсынды,
Әр қимылын тізгінсіз-ақ түсінді.
«Мұндай Атты керегі не жүгендеп?» –
Ат иесі ойға келіп ұтымды,
Айдалада ауыздығын сыпырды.
Еркін алып тынысын,
Ат әуелі жеделдетті жүрісін.
Сақ жүріп,
Енді бірде жалын жайып желдетіп,
Кербез басып жорғалады тербетіп,
Қуантқандай аттыны.
Бірте-бірте еркіндеді аптығып,
Одан кейін шапты ол Ат өрлетіп:
Қаны қызып, жүйткіп ала жөнелді,
Дөңгелентіп даланы.
Қожайынын тыңдамады ол енді,
Заулап ағып барады.
Ат иесі әуреленді алаң боп,
Ауыздығын салам деп;
Ат бірақ та көнбеді,
Шапқан сайын өрледі.
Иесі Аттан ұшты күні қараң боп;
Бұрынғы ма бұрынғы,
Шапты-ай Атың тыңдамай ой-қырыңды.
Ақырында шұқанаққа сүрінді,
Сүрінді де үзіп тынды жұлынды.
Аттыға мұң тығылды:
«Бейшара Атым, – деді, – өзім алжасқан,
Сыпырам деп жүгенді,
Көрген күнім, міне, енді,
Мен де азап шекпес ем,
Мұрттай ұшып, сен де өліп кетпес ең!»
* * *
Еркіндікті бергенімен халыққа,
Жүрер жолын анықтар
Қолбасшысы болмаса,
Тиімді емес онда аса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ат пен иесі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ат пен иесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ат пен иесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ат пен иесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері