Бұлт – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бұлт» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1139
Күн шыжғырған кең даладан тандырдай
Жөңкіле кеп ауды Бұлт.
Еш болмаса бір тамшы да тамдырмай,
Көк теңізге бара сала жауды Бұлт.
Сонсын Тауға мәрттігімен мақтанды.
«Жомарттығың осы ма?
Қандай сенім ақтадың? –
Деді алып Тау досына, –
Қалай жаның ашымады ен түзге?!
Жаусаң егер жатқан жерге шаң болып,
Талай елді жарылқар ең дән болып:
Теңіз суы, досым-ау, мол еді ғой сенсіз де».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлт өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бұлт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері