Кітап сауда – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кітап сауда» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1698
Кітап деген бұл күнде
Алтыннан да құндырақ.
Қол жетпейді шіркінге,
Көзден ұшты бұлдырап.
Қажет деген кітапты
Таба алмайсың, терлейсің.
Жақсы кітап жұтапты,
Сөрелерден көрмейсің.
Сол кітапты бүгінде
Енді қалай табамыз?
Сұрай-сұрай түбінде,
Базарына барамыз.
Қан базарға қайнаған
Кіресің де кетесің.
Көресің сен жайнаған
Кітаптардың «көкесін».
Бірін қалап қатардан,
Сұрай қалсаң қолға ала,
Дейді ұялмай сатарман:
«Бір кітапқа – он баға!».
Азық ақыл сарайға –
Кітап құнды бұйым ғой.
Он бағаға, алайда,
Ала қою қиын ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кітап сауда өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кітап сауда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кітап сауда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кітап сауда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері