Тыңдай білем

Бұл бетте «Тыңдай білем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3289
Тыңдай білем атамды,
Тыңдай білем апамды.
Сондықтан да атамнан
Алғыс алдым, бата алдым.
Тыңдай білем атамды,
Тыңдай білем апамды.
Сондықтан да апамның
Қолқанаты атандым.
Тыңдай білем үлкенді,
Құлақ түре білгем-ді.
Сондықтанда талай сөз
Үлкендерден үйрендім.
Үйренерім әлі көп,
Мақалдардың мәні көп.
Жақсы сөздің бәрін де
Тыңдай білу – ғанибет.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыңдай білем өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тыңдай білем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыңдай білем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыңдай білем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері