Қара шал – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қара шал» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 1
  • 25484
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Қаусаған қасіретті қара шалмын,
Бұл күнде қара шалмен санасар кім?.
Жанымды жегідей жеп қарттар үйі,
Күн санап куат кеміп, аласардым.
Онша тар емес еді пәтерің де,
Осында тастап кеттің әкелдің де.
Сынаптай сырт айналса туған балаң,
Тірідей өлгені ғой әкеңнің де.
Көп болды дидарынды көрмегелі,
Көп болды шешеңді де жерлегелі.
Балам деп көз жұмғанша жылап жатты,
Жаныма қатты батты келмегенің.
Жүрсің-ау қолың тимей, хабарың жоқ,
Жатырмын жаутаң қағып – амалым жоқ.
Айтушы ең жас күнінде, есінде ме?
Әкемді өле-өлгенше бағамын, – деп.
Балам-ау, не істетпейді қу тіршілік,
Кей пенде дүние қуып, жүр құлшынып.
Артымда бар ма десем ұрпақ ізі,
Секілді қалғаным ба бір қу шыбық?
Әкең де осы жерде өлер енді,
Тәңірдің жазуына көнер енді.
Уа, жалған, сағындым ғой, тым болмаса,
Алып кеп бір иіскетші немеремді.
Қадырын түсінбедің қолда бардың,
Қауқайып қара басым жолда қалдым.
Тал-дарақ, мал-мүлкімді ақша қылып,
Астыңа аппақ шаңқан «Волга» алдың.
Несіне балам бар деп мақтанайын,
Өмірден өз жөніммен аттанайын.
Ұмытпа, келер болсаң, домбырамды,
Шерімді шемен болған ақтарайын.
Несіне өлемін деп өкінемін,
Қайғыдан қарс айырылды көкірегім.
Көз жұмсам, қоярсыңдар елге апарып,
Соңғы рет сенен соны өтінемін.
Өзің деп өтіп еді бар қызығым,
Барады күйіп-жанып тән қызуым.
Мүмкін, бұл – менің ақтық демім шығар,
Аман бол қайда жүрсең, жалғыз ұлым.


Пікірлер (1)

Matthew

Very good

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара шал өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қара шал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара шал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара шал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері