Өмірде алғаш көріскен кісім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өмірде алғаш көріскен кісім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1540
Өмірде алғаш көріскен кісім,
Керемет келбет, келіскен мүсін.
Тәңірдің бере салғаны маған –
Аспаннан түскен періштембісің?
Қоңырау үнді күлісің күмбір,
Балауса бұлақ, жүрісің сыңғыр.
Манаурап тұлғаң, алаулап қырдан,
Еліктей ерке тұрысың шың бір.
Тәңірім сұлу жаратқан екен,
Тәніңе нұрын таратқан екен.
Көргеннен құлай, беріле сүйіп,
Көзімді алмай қаратқан екен.
Бойымда бір ток жүргендей болды,
Ойымды бір леп түргендей болды.
Махаббат оты екенін қандай
Өзіңнен ғана білгендей болдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірде алғаш көріскен кісім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өмірде алғаш көріскен кісім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірде алғаш көріскен кісім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірде алғаш көріскен кісім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері