Бала дауысы

Бұл бетте «Бала дауысы» атты Абдрахман Асылбек жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2200
Әнін жазған Ғалым Есімбергенов

Бал қылықты бала –
Тірлігіміз,
Нұр гүліміз.
Ла-ла-ла, Ла-ла-ла.
Бұл өмірде бала –
Бастауымыз,
Асқарымыз.
Ла-ла-ла, Ла-ла-ла.
Атқанда ақ таң,
Балауса бақтан
Қанатын қаққан
Бала-бақ құсымыз.

Қайырмасы:
Бала дауысы –
Мөп-мөлдір бұлақтың сыңғыры.
Бала дауысы –
Жайқалған құрақтың сыбдыры.
Бала дауысы –
Өмір мәні,
Көңіл әніміз.

Бүгінгі жас бала –
Өркен, үміт,
Ертең жігіт
Ла-ла-ла, Ла-ла-ла.
Бала – дарқан дала –
Кеңдігіміз,
Елдіміз.
Ла-ла-ла, Ла-ла-ла.

Қайырмасы:

Бала дауысы –
Сүйкімді сұлу саз сырнайлы.
Бала дауысы
Арынды ағындай тынбайды.
Бала дауысы
Мәңгілік өмірді жырлайды.
Әсем әуен –
Бала дауысы.

Рэп:
Бала, бала,
Баласың сен, бала.
Жаңылма, жүрген жолың сара.
Ла-ла-ла, Ла-ла-ла
Баласың,
Дарасың,
Данасың.
Табасың бақытыңды, бала.
Бала дауысы –
Жайсаң жаңғырық.
Бала, бала,
Бала дауысы –
Шырқап әнді,
Тынбас мәңгі.
Бала дауысы –
Мәңгі қайнар қуат,
Мәңгі сөнбес шырақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бала дауысы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бала дауысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бала дауысы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бала дауысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері