Көкке ұшты бес періште
- 0
- 6
Түн кезінде көкке ұшты бес періште,
Сия алмады өзі сүрген мекенде.
Суық үйде тәтті түстегі бөбектерді,
Сұм жалын шарпып өтті бір мезетте.
Бұл бетте «Сарышағаным!» атты Alizhan Erbolat жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түн кезінде көкке ұшты бес періште,
Сия алмады өзі сүрген мекенде.
Суық үйде тәтті түстегі бөбектерді,
Сұм жалын шарпып өтті бір мезетте.
Ыңырсыған ана, жоқтауын айтып,
Бес баласының келмесін білді.
Қайғыдан жүрегі қарс айырылып,
Көкірегін кернеп, өкініш тілді.
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?
Шілік пен емен бір күн сөйлесіпті:
— Аллаға, сорлы, неден жаздың? — депті.
Торғайға да майысып солқылдайсың,
Жел бүлк етсе, тебесің әлпеншекті.
Аяулым
Супер
Асыл????
Оте кушти Рахмет жаттап жатырмын бизде 5-6сынвп арасында Мукагали олендерн жатаудан жарыс рахмет
Еркеназ
Маған керек дас аңшы бірақ күшті екен мазмұндап жатырмын
Коркем
Ұнады