Қош, бауырым – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Қош, бауырым» атты Жұмағали Саин жазған бауыр туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.07.2018
  • 0
  • 0
  • 18036
Кенеттен алып ұшты, жүрек жанды,
Қайғылы суық сөзді құлақ шалды,
Сұңқылдап радио хабар шашты
Тыңдады барлық әлем, қайғыланды.
Өлді кім? Валерий ме?.. Тандың ба естен?
Аспанды тұрақ еткен, бұлтты кешкен,
Өлімге кім қияды Чкаловты,
Бақытты Отанымның нұрында ескен.
Аспанда ол жүрген шығар ойын салып,
Ер қыран айды айқайлап, күнді оралып,
Жазық төс, болат қанат, құрыш құспен
Бұлтты ойып, жұлдыздардан алқа тағып.
Чкалов арыстаным бүгін өлген,
Жанары отты көздің мәңгі сөнген.
Валерий арамыздан кетті біздің,
Ерлігін Отан сүйген көзбен керген.
Қош, герой! Қалар есте атың мәңгі,
Шын сүйген партия мен ұлы Отанды,
Жүректің түкпірінде сақтар халық
Қымбатты Валерийді ер қыранды.
* * *
Жауыз ойлап, жалған күлме!
Жаның таза болса егер.
Жәдігөй боп өмір сүрме,
Арын, таза болса егер.
Айтқаныңа басыңды сал
Ақиқатын ойласаң.
Тұрдым деген жеріңде қал.
Адамдығың жоймасаң.
* * *
Ғабиден сұрап едім насыбайды,
Бермесең де көңілім жасымайды,
Несіне сонша сараң бола қалдың
Шақшаңды сұрағам жоқ басыбайлы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қош, бауырым өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Қош, бауырым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қош, бауырым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бауыр туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қош, бауырым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері