Ажал деген бір мерген
- 0
- 0
Басыма қаза тастары
түскенде, таппай көңілге ем,
адам боп аяқ басқалы
зар шегіп келем өлімнен.
Бұл бетте «Саралжын-сазы» атты ramazaninabat2025 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Басыма қаза тастары
түскенде, таппай көңілге ем,
адам боп аяқ басқалы
зар шегіп келем өлімнен.
Қолында билік барларға
жағынып жалпаң қаққандар,
секіріп аттап ардан да,
биліксіздерді таптаңдар!
Шеберсің-ау, табиғат, шіркін, ана!
Алмасса да сан заман ғұрпы жаңа,
заңдылық бір: қояны қойдан бөлек,
жуыспайды батардай бір күнәға,
Баттың деп бекер зар-мұңға
қиялыма менің таңданба:
қасқайып тұрып алдыңда
қаһарын төгер жан бар ма?
Шынымды айттым – сенбеді,
құлап жаттым – келмеді.
Жаға алмайтын жақсыға
жаман болдым жердегі,
Көрген емес жанымды жасқап елім,
мүмкін жасқамағаннан асқақ едім.
Дұшпаным жоқ жырымды көре алмаудан
жек көретін жандардан басқа менің.
Алма
Супер