Көз алдымнан сағымдай сен көшкелi – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көз алдымнан сағымдай сен көшкелi» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1152
Көз алдымнан сағымдай сен көшкелi
Айдарымнан аңқылдап жел де еспедi.
Қарашадан қаймығып қайтқан құстар
Қайта айналып көлiне келмес пе едi?..
Жабыққанда табылмай жанашырым,
Жалғыздықтың сезiндiм жаңа сырын.
Жүрегiмнiң түбiне түсiп кеттi
Жəудiреген жақұттай қарашығың.
Көзiң менде,
Ал өзiң... шалғайдасың,
Жазылмаған жанбысың маңдайға шын?
Өз қағынан құлан да безбеушi едi..,
Хабарыңды берсеңшi, қандай жансың?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері