Күз – Құралай Омар

Бұл бетте «Күз» атты Құралай Омар жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1688
1
Қабағы түскен сары күз,
Халіңіз қалай, халіңіз?
Жайымды несін сұрайсыз,
Жаншылып жатыр жанымыз.
Тағдырдың тиіп салқыны
Тұмауратқанбыз бәріміз.
Дертімді менің емдеуге
Табылар ма екен дәріңіз?

Өзімнен өзім үркідім,
Ауырлап кетті кірпігім.
Дәрменім жетпей, жүректің
Жамай алмадым жыртығын.
Тұманда қалған қалпымның
Ішінде дауыл, сырты – күн.
Сап-сары мұңды қайың боп
Санадан келді сілкігім.
Сағыныш жұтқан сары күз,
Халіміз осы, халіміз.

2
Аялдаңызшы, тоқтаңыз.
«Жаз өткен» – дейсіз, – «жоқ тамыз».
Жапырақтарды жел жұтқан,
Менімен бірге жоқтаңыз.
Мұңыма ортақ мұнар күз,
Тоқтасаңызшы, тоқтаңыз.

Көңілі күннің түспейді,
Ұшса да кетіп құс мейлі.
Қаңтардың ертең аязы
Жүректі келіп тістейді.
Тоңдырып алып, содан соң
«Тағдыр дегенің – түс» дейді.

Келеді бәрін түзегім,
Айта аласыз ба сіз емін?
Сізбенен жаны туыстас,
Сарғайып жүрген қыз едім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Күз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері