Саумал түннен аппақ арман сауамын – Құралай Омар

Бұл бетте «Саумал түннен аппақ арман сауамын» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 703
Саумал түннен аппақ арман сауамын,
Қара жерге ақ қар болып жауамын.
Кетсем деймін аспан жаққа, жыраққа,
Мен білмеймін себебін,
Сен білмейсің жауабын.
Сұрамашы, жерден, сенен жерісем,
Нәзік қар боп қолдарыңда ерісем
Деп едім ғой...
Неліктен мұз қып қойдың мені сен?

Суық әлем, қызуымды тонадың.
Қалжырап кеп, алақаныңа қонамын.
Жылытам деп, күйдіресің, содан соң
Дір-дір етіп тоңамын.
Мұндай сезім аңсаған да жоқ едім,
Мұздай жасты жанарымнан төгемін.
Қажыдым ғой.
Қашып кеткім келеді,
Сұрамашы себебін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саумал түннен аппақ арман сауамын өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Саумал түннен аппақ арман сауамын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саумал түннен аппақ арман сауамын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саумал түннен аппақ арман сауамын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері