Жаурадым-ау тыңдап күздің әнін көп – Құралай Омар

Бұл бетте «Жаурадым-ау тыңдап күздің әнін көп» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1186
Жаурадым-ау тыңдап күздің әнін көп,
«Жылыт» деп ем, неге өртедің жалын боп?
Қанатымның қауырсынын өрт шалған,
Қоштасар ем, қоштасуға әлім жоқ.

Халім осы. Өң мен түстің арасы.
Жүрегімнің ұлғайыпты жарасы,
Ертегіге сеніп қалар балаша
Жымиюға жетер емес шамасы.
Сары-сары жапырақтай солғаным.
Басқан ізім, барар жерім, жол да мұң.
Тәтті еді ғой, жақсы еді ғой, қайтейін,
Қуанышым, күйінішім болғаның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаурадым-ау тыңдап күздің әнін көп өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Жаурадым-ау тыңдап күздің әнін көп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаурадым-ау тыңдап күздің әнін көп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаурадым-ау тыңдап күздің әнін көп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері