Үш бала – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Үш бала» атты Қанипа Бұғыбаева жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1111
Той-тойлаған... жоқ-барды елеместен,
Ұйып тұрған айрандай ел емес пе ем.
Бөлем деме, қазақты “жүзге” бөліп,
Үш баласы ол, бір үйдің ерегескен...
Кештік бастан, дәуірдің дауылын көп,
Дауылдан, қалған артар тауы міндет.
Ерегесіп тірлікте, қалғып кетсең,
Айғай салып келеді “бауырым” - деп...
Сыртымыздан “сырт” - көздер біліп күлер,
Күлімізді күреуге үміттілер/
Үш басты бір жыландай,
Үш баланы
Ащы-тарих сабағы біріктірер.
Қысын ойлап, жатпайды жазын ойлап,
Өз буына піседі өзі қайнап.
Керегі жоқ оларға арашаның,
Өкпелессе кетеді қазір ойнап...
Күшім жоқта, “бауыр” - деп күш алыстым,
Сыртқа кетсем, сағынып, құса да іштім.
Бірге жүрсе, қадірін білмейтұғын –
Үш баласы боламыз, үш Арыстың”
Осы жайлы... білсе, деп біліктілер,
Көкірегіме мәуелі үміт түнер.
Жылап шығып жауларым...
кең қақпамнан –
Күн болар ма, достарым күліп кірер?..
Тартысса да, таласып, айналып кеп,
Үш баланы - бір тағдыр біріктірер!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үш бала өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Үш бала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үш бала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Үш бала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері