Көзіңде сенің түн қалғып

Бұл бетте «Көзіңде сенің түн қалғып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 589
Көзіңде сенің түн қалғып,
Адасып үнсіз қармандым.
Жүрекке жүктеп жылдар жүк,
“Күн бар”– деп алда алдандым.
Жастықпен қызыл-жасылды,
Шығады ақын- бақсы елден.
Құлаған таудан басымды,
Бас демес, адам ақша емген.
Мақтанар қарап тауға шың,
Табиғат заңы ол енді.
Ауырар, аяп сау басым,
Саудаға түскен өлеңді.
Жем болды қанша жауға жер,
Біледі оны әр қандас.
Сезімді ешбір саудагер,
Таразы таспен тарта алмас.
Тынықтым шертпе күйге кеп,
Меңзеген ойға мезгілім.
Дүниеден өтер, “дүние” деп,
Пенделер сезбей сөз құнын.
Маңдайы тасқа тимеген,
Жандай, бір тағдыр көп кешем.
“Дүние - боқты” илеген
Қоңызға ұқсап кетпесем...
Қанатты күннен күй ұғам,
Ұшқандай заңғар көкке мен.
Кеудеңнен сүттей ұйыған,
Жұлдызым өріп, көктеген...
Ұйыған иман өңіңнен,
Елестер таңдай бір шынар.
Өмірді мынау өлімнен,
Сұлулық сақтап тұр шығар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзіңде сенің түн қалғып өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көзіңде сенің түн қалғып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көзіңде сенің түн қалғып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көзіңде сенің түн қалғып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері