Дүниеге ару қалпың келмегенің

Бұл бетте «Дүниеге ару қалпың келмегенің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 611
Тоғыз ай құрсағында құндақтаған,
Бүйірден тепкілесең үн қатпаған.
Қалпыңнан шикі өкпедей сылап, сыйпап,
Өсірген ару етіп бұлғақтаған.
Қаз басып, апыл-тапыл тәлтіректеп,
Әрнені ауызға ұрып, дәмін тектеп
Жүргенде, от пен суға түсірмеген
Анаңның арқасында өстің көктеп.
Зердеңе зердей тоқып зейін құйып,
Не асыл тал бойында саған қиып,
Қаз қойды кез алдыңа әлемді әкеп,
Дүниені мынау жарық тартты сый ғып.
Өмірді тек сонан соң зерделедің.
Жақсыны жаман менен термеледің.
Жадыңнан шығармайша тектерің сол —
Дүниеге ару қалпың келмегенің.

12.03.1999 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниеге ару қалпың келмегенің өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Дүниеге ару қалпың келмегенің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүниеге ару қалпың келмегенің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүниеге ару қалпың келмегенің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері