Шабан мен жолаушылар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шабан мен жолаушылар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1243
Күн төбеде зілдене,
Жүк артып бай үйіменен,
Төрт ат жеккен күймемен
Тырбанды.
Аттар шаршап, көтере алмай ұрғанды,
Тоқтап қалды. Түсті айдаушы жекіріп,
Таусып барлық шыдамын.
Соқты аттарды мырза екеуі екініп,
Басқалар да түсті арбадан секіріп:
Мырза әйелі, ұл мен қызы, мұғалім.
Арбаға артқан ауыр еді тегі жүк,
Тырбанғанмен қаншалық,
Аттар жылдам тарта алмады оншалық.
Кенеттен бір болды-дағы Шыбын тап,
Айналақтап кетпей қойды ызыңдап.
Әуре-сарсаң болады,
Кезек төніп қос атқа,
Бірде атшының орнына кеп қонады.
Бірде аттардан кетіп шет,
Адамдарды жағалайды жетіп кеп.
Жәрмеңкеде жүрген байдан аумайды:
«Маған көмек бермейді,
Ешкім көңіл бөлмейді», –
Деп тағы да заулайды.
Жолаушылар күймеге үнсіз ереді,

Мұғалім де әрең жүріп келеді.
Кетті мырза күтушімен тоғайға,
Жейтін бір дәм табу үшін қалай да.
Бәрін жалғыз істеп жақан өзім деп,
Ұшты Шыбын безілдеп.
Аттар бұл кез ыстық тері сорғалап,
Жетті тегіс жолға да.
«Уа, Жаратқан! – деді Шыбын зорлана, –
Бәрің-дағы күймеге енді тез қонғын,
Демалатын кез болды,
Талып қапты-ау қанатым».
* * *
Бұл өмірде жандар көп қой байқасаң,
Барлық іске араласып әрқашан,
Мен еттім деп кеуделерін қағатын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шабан мен жолаушылар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шабан мен жолаушылар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шабан мен жолаушылар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шабан мен жолаушылар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері