Қияли өлең – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қияли өлең» атты Исраил Сапарбай жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1047
Көрсетсе көрiктi қыз iңкəр қылық,
Көңiлiн ауламай ма сұңқар жiгiт.
Кенелсе кемдi күнге кербез күлiп,
Жөнелсе ендi бiрде шырқауға iлiп!
Жанары бiр жарқ етiп жарық таңша
Шырқау құз, шың басына барып қонса.
Мұздай құс – мұзбалақ құс мысын басып,
Қыз байғұс естен шала танып қалса.
Көкшеңгел алабөтен қайраттанса:
Жандəрмен жатқан жанға жəйлап қонса.
Кiсесi арғымақтың ағытылып,
Мүшесi мүшкiл қыздың жайрап калса.
Ай туып, жаһан жүзi жақұттанса,
Аспаннан анда-санда ақық тамса.
Жаны иiп, жас иiстiң жанары ұйып,
Ақиық бал қызыққа батып қалса.
Ай күлiп, жұлдыз бiткен жымың қақса,
Қысылып қыз кiрпiгiн қыбырлатса.
Анарын лашын бүрiп жатқан шақта
Жанарын ашып-жұмып бiр үн қатса:
– Пiрадар, Пiрғауыным, Пiрiм!.. – десе,
Төсiнде шырын кесе дiрiлдесе.
Шашырап шың басына алтын арай,
Шым-шымдап Шығыстан таң сiбiрлесе...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қияли өлең өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қияли өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қияли өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қияли өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері