Өлең, жыр, ақындар

Аралым да шөлдейді...

  • 10.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1257
Арал деген шөл даланың ұлымын,
Сол даланың еркесінің бірімін,
Теңізімнің бірі жартас, бірі құм,
Аунап өскен ақшағыл құм тұнығын.
Арал деген шөл далада шөлдедім,
Түйе-нардың сүті болды емгенім.
Теңіз болды, құмдар болды көргенім,
Жүрегімді ашып көрсең сен менің.
Мені тербеп жаңғыл-жусан желегі,
Көзім жұмсам көз алдыма келеді,
Арал деген шөл далада шөлдедім.
Мәңгі-мәңгі махабаттың шөлі еді.
Бұл өмірге шексіз аспан мен ғашық,
Құмдар-құмдар орап алған жолды асып.
Сапар кешіп түйе-нармен бір жүрдім,
Түйе-нармен құмды өлкеде шөл басып.
Шөл дегенің орап алған қамалдай,
Ақжал толқын жарқ-жұрқ еткен жанардай.
Бір керемет теңізде де шөлдедім,
Ащы судан, тұщы суды таба алмай.
Дүниені құлақ түріп тыңдармын,
Ұшып жүріп қанатында жолдардың.
Сенбейсің бе,
сенесің бе,
дүние!
Мен мәңгілік
шөлдеп жүрген
бір жанмын!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асыл сөз

  • 0
  • 0

Өлшеп сөйле қабырғаңмен кеңес те,
Біз де бір күн бала болдық жоқ есте,
«Әйел» дейміз біз ұмытып Әйелді,
Баламыздың жан анасы емес пе?!

Толық

Жолаушы

  • 0
  • 0

Жолаушы жолда келеді,
Жеткізбей алда жол ұзақ.
Жорғадай аты желеді,
Қос өкпесін қолына ап.

Толық

Елбасының жолдауы

  • 0
  • 0

Елбасының жолдауы –
Туған елдің толғауы,
Әрбір сөзі, толғамы –
Халқым-жұртым, ел қамы.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар