Көктем болсам қайран қып қыздар елін – Төлеген Айбергенов

Бұл бетте «Көктем болсам қайран қып қыздар елін» атты Төлеген Айбергенов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 10521
Көктем болсам қайран қып қыздар елін,
Көкірегімнен талай күй қозғар едім.
Сезімдегі ізгілік жырға сыймай,
Дөңбекшіген түндерім аз ба менің.
Аз ба менің түндерім қиналмаған,
Қашан тағдыр мұхит жыр сыйлар маған.
Айтсам деп ем бәрін де шағымда мен,
Дүниеден төсегім жиналмаған.
Сырлатып көп дүние қиялдай-ақ,
Бірақ тегін қағазын сиям бояп.
Беріп келген өмірге түк те бермей,
Алып келем әлі мен ұялмай-ақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері