Менің халқым қашаннан ұлы болған – Төлеген Айбергенов

Бұл бетте «Менің халқым қашаннан ұлы болған» атты Төлеген Айбергенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 18944
Менің халқым қашаннан ұлы болған,
Менің кеудем қашаннан жылы болған.
Соғыс өртін қоздатқан дауылдардан,
Қақсатқан ауыр зардан,
Көкірегімде бостандық жыры қалған.
Менің халқым ұлыны аз туған ба,
Басқалардай басында жаз тұрғанда.
Олардың да дауысы жетер еді,
Бұл ғасыр құлағына
Бірақ бұған ұлылар кінәлы ма?
Бұның үшін жылдардың өкпесіне
Қандай адам кепілдік берер еді.
Дауысы олардан бүгінге жетпесіне
Қаншама жұлдыз туды ол,
Жарқырар көк төсінде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері