Күміс жалды күн дейтін көлікпенен –
Мұқағали Мақатаев
Бұл бетте «Күміс жалды күн дейтін көлікпенен» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күміс жалды күн дейтін көлікпенен,
Көріп келем өмірді, көріп келем.
Қуатым бар жанымда сеніп келем,
Даңғазаға даурығып, желікгіеген.
Кездеседі кей-кейде босаң қайғы,
Кеспек болып алдымды шошаңдайды.
Кездестірем кейде бір осал жайды,
Кезі-кезі келгенде дос алдайды,
Көңіл сонда құлазып, босаңдайды.
Жүгірмей, желмей, жортпай, жорғаламай,
Өрмелеп шығып келем жонға қарай,
Қыран болсам қонбас па ем шыңға барып,
Дариға-ай, қанатымның, болмағаны-ай!..
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі