Ұстаз деген!

Бұл бетте «Ұстаз деген!» атты Ғалым Берік жазған ұстаз туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де қолын созғанын,
Ұстаз деген шын жүректен тілейді,
Шәкіртінің өзінен де озғанын.

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Келеді менің ұстазыма ұқсағым.
Ұстаз деген қарапайым қашанда,
Құрметтейміз өзіңізді ұстазым.

Тілейміз біз амандық пен бақытты,
Тілейміз біз қуаныш пен шаттықты.
Білім алған өзіңіздей ұстаздан,
Біздей шәкірт шынындада бақытты.

Біздер әлі өтелмеген парызбыз,
Сары дала сайрап жатқан сан ізбіз.
Білім беріп тәрбиелеген ұстаздар,
Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз.

Insta: galim_b


Пікірлер (2)

Асем

Маған қатты ұналы, қатты көмектесті

Сезім

Маған өлең қатты ұнады өте мағыналы өлен екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұстаз деген! өлеңінің авторы кім?

Ғалым Берік — осы өлеңнің авторы.

Ұстаз деген! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұстаз деген! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ұстаз туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ұстаз деген! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері