Өсиеті анамның

Бұл бетте «Өсиеті анамның» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1698
Айтқаны қызық анамның,
Әр сөзі – мәңгі өсиет.
– Қасиетті адамның
Досы боп өту – қасиет.
Аңдап бассаң сақ жүріп,
Аллаға жетер арызың.
Жақсылыққа – жақсылық, –
Деп еді, – ең зор парызың.
Сүрінсең өтер қарамай,
Жолама жалтақ борқаға.
Адал достан аямай,
Барыңды төгілт ортаға.
Дақ салма сыйлы көңілге,
Желікпе дұшпан желдесе.
Дым бітпейді өмірде,
Ашуды ақыл жеңбесе.
Жабылып қалған түндіктей,
Тоғандай көрме ойыңды.
Бәйгеге түсер жүйріктей
Жараулы сақта бойыңды.
Тұғырға сеніп жүрсең де,
Құзырға құлаш сермеп қой.
Біреуге ойнап­күлсең де,
Болмауды күлкі зерлеп қой.
Кездесер тайғақ жол талай,
Тайсалмай өрге бар, жаным.
Бер жағын ғана барламай,
Байқап қал таудың ар жағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өсиеті анамның өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Өсиеті анамның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өсиеті анамның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өсиеті анамның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері