Дүниеде махаббаттың бары анық қой – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Дүниеде махаббаттың бары анық қой» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1312
Дүниеде махаббаттың бары анық қой,
Бәріміз содан туып, тарадық қой.
Туамыз бір анадан, таласамыз,
Бұл адам ішіндегі алалық қой.
Ойымыз кейде біздің осал әлі,
Баладай жағалаған босағаны.
Соғыстың соқпағына жүр сүрініп,
Ашуы ақылдан тез, асау әрі.
Десек те, деп қалсақ та ара-тұра,
Әлемді сан айналған сағатына,
Көргенде корабльдер жылдамдығын
Қалайша балалықтың санатына
Қосуға қақымыз бар санамызды
Қиялдан іс ілгері бола тұра!
Дүниеде махаббаттың бары анық қой,
Бәріміз содан туып, тарадық қой.
Туамыз бір анадан, таласамыз,
Бұл адам ішіндегі алалық қой.
Махаббат Анамыз ғой, бары рас қой,
Бары рас ұлдары да тағы қаскөй,
Бары рас Адамзаттың болашағы,
Өйткені санасы мен жаны жас қой...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниеде махаббаттың бары анық қой өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Дүниеде махаббаттың бары анық қой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүниеде махаббаттың бары анық қой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүниеде махаббаттың бары анық қой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері