Ақша бұлттар арман айта бастаған – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Ақша бұлттар арман айта бастаған» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 738
Ақша бұлттар арман айта бастаған,
Құс қанатын бауырына жастаған.
Сұлулықты көрем ылғи ол жақтан
Шексіздіктің сызығынан аспаған.
Жалбыраған жел боп ұшты жас үміт,
Тамшылары тасқа тырс-тырс шашылып.
Сеңгір күннің селдіреді селдері,
Мұзды мұхит қалған кезде тасынып.
Бұлақ біткен құмға сусап қалған ба,
Жыр айтады сылдыраумен жалғанға.
Қара бұлттар тасқа сәлем жолдады.
Жаңбыр жасы сырт-сырт етіп тамғанда.
Қара бұлттар тасқа сәлем жолдады,
Сағынышын айтқаны ғой ол-дағы.
Ойлы күндер тапжылмастан қалыпты,
Орамалы сусып ұшып қолдағы.
Табиғаттың тамылжыған шағында,
Махаббатым оранады сағымға.
Қуып жете алмасымды ұғындым.
Ақпа күндер ілескенде ағынға.
Қуып жете алмасымды ұғындым,
Ертеңгідей бола алмайды бүгін күн.
Ашық аспан аясынан күн көріп,
Жанарына шуақ болып тығылдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақша бұлттар арман айта бастаған өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Ақша бұлттар арман айта бастаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақша бұлттар арман айта бастаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақша бұлттар арман айта бастаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері